⚜️2026 жылғы 17 сәуірде Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес «Балаларға арналған қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты енгізу: пилоттық жобаны іске асыру мәселелері» тақырыбында онлайн бағдарлау семинары өтті.
🔹Семинар жұмысына қаламыздың Сарыарқа және Байқоңыр аудандарында орналасқан жекеменшік қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, сондай-ақ «Qosymsha» ақпараттық жүйесінде жұмыс істейтін мамандар белсенді қатысты.
🔹Іс-шара барысында пилоттық жобаны іске асыру тетіктері мен «Qosymsha» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеудің ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушылар өзекті сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.
Аталған іс-шара қосымша білім беру жүйесін жетілдіру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.
