2026 жылғы 3 маусымда №6 Балалар кітапханасы мен №86 «Зияткер» балабақшасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Рәміздерім – мақтанышым» атты мерекелік көрме өтті.
Мерекелік көрменің басты мақсаты бүлдіршіндерге мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын ұғындыру, бойларында отансүйгіштік сезімді ұялату және шығармашылық қабілеттерін шыңдау болды. Шара барысында балабақша бүлдіршіндері мемлекеттік рәміздер тақырыбында өз қолдарымен жасаған бірегей шығармашылық жұмыстарын, тақырыптық суреттері мен ерекше қолөнер бұйымдарын көрермен назарына ұсынды.
Көрме аясында кішкентай тәрбиеленушілер Отанға, туған жерге деген шексіз сүйіспеншіліктерін білдіріп, патриоттық рухтағы өлең-шумақтарын мәнерлеп оқып берді.
Бұл шара балалардың отаншылдық сезімін оятып, олардың шығармашылық әлеуетін кеңінен көрсетуге жол ашқан тағылымды да мазмұнды кеш ретінде қорытындыланды.
