«Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» қалалық жобасы аясында Смағұл Садуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясында «Көшпенділер өркениеті: ұлттық қолөнер» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Іс-шараға еліміздің түрлі өңірлерінен педагогтер, жоғары оқу орындарының оқытушылары, қолөнер шеберлері мен оқушылар қатысты. Конференция барысында ғылыми баяндамалар ұсынылып, тәжірибе алмасу алаңдары, көрмелер мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
Конференция ұлттық құндылықтарды насихаттап, жас ұрпақтың ұлттық өнерге қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.