2026 жылғы 3 маусымда «Ақжан Әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицейі» мен Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Көк тудың желбірегені» челленджі өтті.
Іс-шараға 465 оқушы, педагогтер және қонақтар қатысты. Оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының бейнесін жасап, «Көк тудың желбірегені» әнін орындады. Іс-шара ұлттық бірлік, елжандылық пен мемлекеттік рәміздерге құрметті насихаттауға бағытталды.
Көк Туымыз мәңгі биікте желбіресін! Менің Туым – Менің Мақтанышым!
