2026 жылғы 1 маусымда – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласында Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен кең ауқымды мерекелік іс-шаралар өтті.

Мерекелік бағдарлама аясында Техникалық және көркем шығармашылық орталығы «Бәріне қуаныш сыйлаймыз» атты балалар шығармашылығы көрмесі мен шеберлік сағаттарын ұйымдастырды. «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы «Дидарлы жаз – 2026» жобасы шеңберінде «Халықтық доп», «Қала ішіндегі қала» бұқаралық спорттық ойындары мен «ARҚALAN» этноойындарын өткізді.

Сонымен қатар, М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы «Bala Energy Open-Air» фестивалін ұйымдастырса, Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары «Түрлі түсті мозаика» атты сурет салу акциясына қатысты. Ал қаламыздағы №1, №2 және №3 балалар музыка мектептерінің тәрбиеленушілері «Бақытты балалық шақ» концерттік бағдарламасын ұсынды.

Балалар мерекесіне арналған іс-шаралар бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.