«Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен және Астана қаласы Полиция департаментімен бірлесіп кәмелетке толмағандар арасында «Қауіпсіз жол» атты жүйелі профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның ашылуы қазіргі уақытта жазғы сауықтыру лагері жұмыс істеп жатқан №101 мектеп базасында өтті.
Кездесуге Астана қаласы прокуратурасы басқармасының прокуроры Сәтілда Ақжол Шалқарұлы және Астана қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің аға лейтенанты Қалданбеков Б. қатысып, оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін сақтау, жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарын құрметтеу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және қоғамдағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
