2026 жылғы 1 мамырда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік ориалығы мен №65 «Балбала» балабақшасы ұйымдастыруымен «ART-FEST: «Балалық шақ бояулары» атты салтанатты іс-шара өтті.
Балалық шақтың адам өміріндегі ең жарқын әрі маңызды кезең екенін айшықтаған бұл шара бүлдіршіндерді бір арнаға тоғыстырып, ортақ құндылықтарды насихаттауға, балаларды мейірімділікке, достық пен шығармашылыққа тәрбиелеуге бағытталды.
Мереке барысында балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, бірлік пен достық рухын қалыптастыру жұмыстары өзінің жарқын көрінісін тапты.
Мерекелік шараның басты мақсаты — бүлдіршіндердің шығармашылық әлеуетін еркін ортада ашу, эстетикалық талғамын қалыптастыру және оларды ұжымдық жұмысқа баулу болды.
Мереке аясында балабақша тәрбиеленушілері бірге ән шырқап, мың бұрала би билеп, табиғат аясында, мекеме ауласында сурет салып, қызықты ойындарға белсенді қатысты. Ұйымдастырылған бұл ауқымды іс-шара мектепке дейінгі жастағы балалардың бақытты балалық шағын айшықтап, әрбір бүлдіршіннің өз елінің бақытты азаматы екенін сезінуіне зор мүмкіндік туғызды.
